Кіреберіс жол тегістелді

Мұғалжар ауданының Еңбек ауылдық округіне қарасты Темір көпір ауылының кіреберісіндегі 1,5 шақырым жол тегістеліп, ұсақ қиыршықтас араласқан құм төселіп жатыр. Ақтөбе-Астрахань халықаралық тасжолының бойында орналасқан ауыл тұрғындары үшін жасалып жатқан бұл игі істің қарқынды жүруіне «Rem Stroi Trans Group TN» ЖШС демеушілік етіпті. Ж.АЙТЖАН, Мұғалжар ауданы.